• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Шымкентте халықаралық туризм мәселелері талқыланды

343 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 24 наурыз. «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің конференция залында Түрік кеңесінің елдері – Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және еліміздің туризм саласындағы компанияларынан құралған жұмыс тобының VIІ отырысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында «Жаңа заманғы Жібек Жолы» бірыңғай туристік өнім бағдарламасын құру жайы талқыланып, оның халықаралық туристік нарықта даму мәселесі қаралды. 2016 жылғы Түрік кеңесі елдерінің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қатысушы мемлекеттерге Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігі әзірлеген бағдарлама көрсетілді. Туризм - қай мемлекет үшін табысы көп сала. Жиын соңында Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz