• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Таразда «Блогқұрылтай-2016» шарасы мәресіне жетті (фото)

285 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 24 наурыз. Тараз қаласында «Блогқұрылтай-2016: Тараз» шарасы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақ елінің интернеттегі имиджін көтеретін топтар қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны интернет арқылы жүзеге асыру, жастардың мультимедиялық жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету, сапалы пікірталас мәдениетін қалыптастыру, блогшылардың жаңа элитарлы ортасын құру, қазақ тіліндегі блогтарға қатысты заңнамалық мәселелерді талдауды басты мақсат еткен іс-шара осымен алтыншы рет өткізілуде. Қазіргі ақпарат ғасырында әлеуметтік желілер мен ғаламторды тиімді пайдалануда блогшылардың азаматтық қоғамды қалыптастыруда қосар үлестері зор. Елімізде бүгінгі күні 300-ге жуық қазақ тілінде блогтар бар. «Блогқұрылтай-2016: ТАРАЗ» шарасы жаңа медиа мамандарының, сайт жасаушылардың өзара тәжірибе алмасу алаңына айналды. Оған Астана мен Алматы қалаларынан және өзге де өңірлерден 200-ден аса блогшылар мен қонақтар қатысты. Құрылтай аясында тәжірибелі мамандардың жүргізуімен түрлі бағыттарда дәрістер оқылып, ең үздік презентациялар мен старт-аптар таныстырылды. Өзге өңірден жиналған блогшылар көне қаланың тарихи-мәдени жәдігерлермен және әлеуметтік маңызды нысандарын аралап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында ағаш отырғызды. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz Сурет: Ақәділ Рысмахан.