• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Күн тәртібі бекітілді

409 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұ­хам­бетовтің төраға­лығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Күн тәртібінде бірқатар рати­фи­кациялық құ­жаттарды жұмысқа қабылдау мәселесі қаралды. Олар: Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қазақстанда офис­тер құру және олардың жұмыс істеуі туралы, сонымен қатар, Ма­ке­дониямен инвестицияларды кө­тер­мелеу және өзара қорғау туралы үкі­метаралық келісімдерді ра­ти­фи­кациялауға қатысты бол­мақ. Сондай-ақ, жалпы отырыста азаматтық за­ң­наманы жетілдіру мәселелері бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды талқылау ұсынылып отыр. Заң жобасында үлестік меншікті иелену, пай­далану және оған билік ету мәселелерінде аза­маттардың заңды мүдделері мен құқықтарын қам­тамасыз ету мақсатында мүлікті белгіленген тәр­тіппен бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда, соттың оны жария саудаға салып сату туралы шешім қабылдауы бойынша императивті норма белгілеу қарастырылады.