• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Импорт көлемі кеміп келеді

354 рет
көрсетілді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық өнімді арттыру мен елдегі тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында импортты алмастыру тәсілін ұсынған болатын. Осы орайда ел экономикасына айтарлықтай үлес қосуға бағыт алған бұл бастаманың болашағы баянды боларына сенім мол. Бұл ретте аталған тың тәсіл туралы   Президент жанындағы Орта­лық коммуникациялар қыз­метінде баспасөз мәслихатын өткізген «Атамекен» ҰКП бас­қарушы директоры Евгений Боль­герт тілшілер қауымына бір­қатар мәліметтерді жеткізді. Бар­шаңызға белгілі, Елбасы өңдеу өнеркәсібін дамытуға  ерекше мән беріп келеді. Әрине, бұл салада қазіргі таңда бәсекелестік жоғары, деген ол әрі қарай пала­та тарапынан  отандық өнім­­дерге  қолдау көрсету үшін им­­порт­ты алмастыру бойынша жұ­мыстардың жүргізіліп жат­қандығын хабарлады. Сонымен қатар, ұлттық па­ла­таның сарапшылық қыз­меті­нің арқасында қазақстандық компаниялар белгілі бір тауар топтарын импорттамай, оны Қазақстандағы отандық өн­дірушілерден алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл ретте жасалған талдау барысында елімізде импорт орнын алмастыратын 150 тауар белгіленді. Оның ішінде металлургия, машина жасау, химия, құрылыс мате­риалдарын өндіру, жеңіл өнер­­­­кәсіп пен  тағам, қаптау, жиһаз, ағаш өңдеу секілді өңдеу өнеркәсібінің бірнеше сала­­сына талдау жасал­ды. Және де Евгений Боль­герт­тің айтуы бойынша, елі­міз­де құрылыс саласында им­порт көлемінің уақыт санап азайып келе жатқандығы көңіл қуантады. Осы орайда құрылыс жұмыстарына отандық құрылыс материалдарының 74%-ы қол­­данылатыны белгілі болды. Ал осы саланың алға жылжуына зор септігін тигізіп отырған ірі құрылыс салушылар мен отандық өндірушілердің жүйелі жұмыстарын айта кету керек. Сондай-ақ, елімізде тамақ өнер­кәсібі бойынша 2000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істеуде. Тағам өнімдерімен еліміз  80% қамтамасыз етіліп отыр. Ал қалған 20%-ы біздің елде өнді­рілмейтін, яғни экзотикалық өнімдер болып табылады. Соны­­мен қатар, бүгінгі таңда табиғи, таза өнімдерге сұраныс артуда. Қытай нарығы біздің ет өнімдеріне, өсімдік майларына сұраныс жасап отыр. Алдағы уақытта палата тарапынан  өз нарығымызды толық қамтамасыз ету бойынша және отандық өнімдерді экспортқа шығару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».