• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Қылмыстық топқа көмек жасаған полицейдің соты басталады

317 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 2 сәуір. №2 Қостанай қалалық соты орталық полиция бөлімінің есірткі саудасымен күрес бөлімінің басшысы, полиция капитанына қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол Қылмыстық кодекстің 307-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі болмаса да, бүгінде бас бостандықтарынан айырылған Р.Асылбаева, А.Петренко мен Н.Киселёва басқарған қылмыстық топқа көмек жасаған. Қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған айыпталушы тұрақты түрде есірткі өткізушілерден ақшалай және героин түрінде сыйақы алып, олардың Қостанай қаласында аса ірі көлемде заңсыз есірткі өткізулеріне жағдай жасап отырған. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі.