АСТАНА. 2 сәуір. Чехияда тұмау ауруынан 65 адам қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Елдің денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының өкілі Ян Кинчилдің айтуынша, қазіргі кезде 195 адамның жағдайы тым ауыр. Сондай-ақ, эпидемияның деңгейі төмендегенін айтты.
Науқастардың басым көпшілігі орталық және солтүстік аймақтардың, Праганың және Оңтүстік Моравияның тұрғындары.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: nebolet.com.