• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

259 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 сәуір. Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін барады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін бару мүмкін. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, түнде көктайғақ болады. Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін жетеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Қызылорда облысында желдің күші 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Аян Әбдуәли. Дерек: «Қазгидромет». Фото: report.az.