АСТАНА. 2 сәуір. Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеуде. Бұл туралы qazeta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың бағасы 4,02 пайызға төмендеп, барреліне 36,82 құрады. Ал Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайы 3,99 пайызға құлдырап, 38,72 доллар болды.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Brent маркасының бағасы ICE Futures лондондық биржасында 3,24 пайызға артып, бір баррелінің жалпы құны 40,41 долларды құраған болатын.
Аян Әбдуәли.
Дерек: qazeta.ru.
Фото: ult.kz.