• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Түркияда тағы да жарылыс болды

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 сәуір. Түркияның Мардин провинциясына қарасты Кызылтепе қаласында жарылыс болды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елдің оңтүстік-шығысында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дене жарақатын алды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, соңғы бір айдың ішінде Түркияда лаңкестік әрекеттерден 50-ге жуық адам мерт болып, жүзден астамы түрлі жарақат алды. Наурыз айының 13 күні Анкарада жолаушылар автобусы жарылып, ондаған адам опат болса, осыдан бірнеше күн бұрын Диярбакыр қаласындағы террорлық шабуылдан 7 полиция қызметкері қаза тапты. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.