АСТАНА. 3 сәуір. «Келін» телехикаясында Ананди рөлін сомдаған Пратюша Банерджи қайтыс болды. Бұл туралы baistars.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 24 жастағы Пратюша Банерджи дәретханада асылып қалған күйінде табылған. Сондай-ақ, оқиғаның суицид екені анық болмағандықтан медициналық сараптама қорытындысы шықпай жатып, шешім шығару ерте екенін мәлімдеді. Себебі, актрисаның денесінде жарақат белгілері байқалған.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: baistars.kz.
Фото: vk.com.