• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2016

Таиландта жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

224 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 сәуір. Таиландтың орталығындағы Накхон-Патхом провинциясында саяхатшылар мінген автобус пен пойыз соқтығысып қалды. Бұл туралы regnum.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Апатты жағдай тас жол мен темір жол қиылысында болды. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 28 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші оқиға орнында мерт болды, ал екі жолаушы ауруханада көз жұмды. Қос қабатты автобуста барлығы 52 адам болды. Олар Бангконг қаласынан Канчанабури провинциясына бағыт алған болатын. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Жергілікті құқық қорғау органының өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: regnum.ru. Фото: 24.kz.