АСТАНА. Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Каролина қаласында АҚШ ҚК Арнайы операциялар әскерилерінің жыл сайынғы сайысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған Австралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тың 25 командасы қатысты. Осы сында отандастарымыз үздік үш елдің қатарынан көрінді.
Сайыста АҚШ-тың мергендері бірінші орынды жеңіп алды. Германияның атқыштары екінші орынды, қазақстандық әскерилер үшінші орынды еншіледі.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.