• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2016

14 жастағы оқушы-поляр экспедициясының ең жас мүшесі

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 сәуір. Австралияның Мельбрун қаласындағы Джейд Хэмейстер есімді мектеп оқушысы поляр экспедициясының ең жас қатысушысы атанбақшы. Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. 14 жастағы бозбала солтүстік және оңтүстік полюстерге, сондай-ақ, Гренландияға саяхат жасамақшы. Жасөспірімнің саяхаты бір жылдан астам уақытқа созылады. Ең бастысы ол саяхатқа әкесімен бірге шығады. Джейд Хэмейстер және оның әкесі Пол саяхат барысында мұз бен қар жастанған екі мың километр жерді жүріп өтуі тиіс. Сондай-ақ, олардың саяхаты үш кезеңнен тұрады. Саяхатшылар алдымен 21 күн солтүстік полюсте, 2017 жылдың сәуір айында Гренландияны басып өтіп, оңтүстік полюске аттанады. Айта кетейік, әкесі мен қызына солтүстік және оңтүстік полюстерді шаңғымен бағындырған тұңғыш австралиялық құрметіне ие болған гид – Эрик Филипс көмектеседі. Батыл жасөспірімнің әкесі қиын жағдайда өмірмен күрескен адам. Оның жеңістерінің бірі – Эверестке көтерілу. Ал Джейд биылғы жылдың басында Жаңа Зеландиядағы жаттығу лагерінде кроссфитпен айналысып, күрделі жағдайларда аман қалу курсынан өтіп, шаңғы тебуді де үйренген. Оның айтуынша, саяхатқа шығу үшін ол 12 жасынан бастап жаттыққан. Салтанат Жүсіп. Дерек: vesti.ru. Фото: massaget.kz.