АСТАНА. 4 сәуір. Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаржыларын талан-таражға салуға қатысты қылмыстық істі қарау барысында 14 айыпталушы өздерінің кінәларын мойындады. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еске сала кетейік, бүгін Астана мамандандырылған ауданаралық сотында прокурорлардың аталған қылмыстық іс бойынша сотталушыларды айыптаулары оқылды. «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев өзінің кінәсін мойындамады. «Айыптау маған түсініксіз. Кінәмді мойындамаймын, прокурорлармен және зардап шегушілермен келісімге қол қоймаймын», – деп мәлімдеді ол.
Сотта Талғат Ермегияев пен тағы 23 фигурантқа ірі көлемде жемқорлық тәртіп бұзушылығын жасап, мемлекеттің 10 млрд. теңге ақшасын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Соның ішінде бір Ермегяевтің 4,2 млрд. теңгені жеп кеткені айтылуда
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: ras.kz.