АСТАНА. 4 сәуір. АҚШ-та орыстың атақты ақыны Владимир Маяковскийдің қызы – жазушы және философ Патриция Томпсон (Елена Маяковская) 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Патриция Томпсонның анасы, орыс мұғаджыры – Елизавета Зиберт ақынмен 1925 жылы Нью-Йоркте танысады.
«Достар… Қатты қайғырып отырып, хабарлаймын… Жұма күні (1 сәуір) Нью-Йоркте
Патрисия Томпсон (Елена Владимировна Маяковская) қайтыс болды», – деп жазды Маяковский музейінің директоры Алексей Лобов Facebook-тегі парақшасына.
Патрисия Томпсон (Елена Маяковская) өмір бойы АҚШ-та тұрып, жұмыс істеді. Ол өзінің шығармашылық өмір жолында 15-тен астам кітап шығарып үлгерді.
Патриция Томпсон Ресейге үш рет еліп-кеткен. Бірінші рет ол 1991 жылы ұлы Роджермен бірге келеді. Екінші мәрте 2002 жылы Уфада өткен В. Маяковскийдің туғанына 110 жыл толуына арналған шараға қатысады. Ал соңғы рет 2008 жылы «Әдебиет мұралары. Қызықты кездесулер» жобасы бойынша өткен кештің қонағы болады.
2015 жылғы маусымда Патрисия Томпсон Ресейдің азаматтығын алып, әкесінің отанына келіп тұрғысы келетінін жариялаған болатын. Бірақ оған үлгере алмады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.