• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2016

Шекарадағы үй

358 рет
көрсетілді

Өмір бойы газ шаруашы­лы­ғында жұмыс істеген Владимир Федорченко өзі тұратын Тараз қаласының іргесіндегі Бәйтерек ауылындағы осы мекеме үйін же­кешелендіру науқаны кезінде өзінің атына аударып алғысы ке­леді. Бұған газ шаруашылығының басшылары да қарсы болмайды. Бірақ, «қырсық шалғанда, қымыран іриді» деген, кейінірек бұл үйдің көрші қырғыз елімен арадағы шекара сызығында жатқаны белгілі болыпты. Сөй­тіп, тұратын үй мен ауыл арасын екі елдің шекарашылары екі жаққа бөліп тас­тайды. Қазір ол үйінен шығып, жақын маңдағы ауылына бару үшін шекарашылардың рұқсатын алып, арнайы қалдырылған жолмен жүріп-тұрады. Шекарашылар бөлімшесінің басшысы бұл азаматтың басындағы жағдайды түсініп, тура үйдің үстінен өтуі тиіс шекара сызығын уақытша өзгертіп отыр. Осы сәтті пайдаланғысы кел­ген В.Федорченко тағы да же­кешелендіру ісіне кіріскенімен, жолы болмады. Өйткені, бұл жер ҰҚК-ға тиесілі аумаққа жата­тын­дықтан, жекешелендіру мүлдем мүмкін емес екен. – Соңғы екі жылдан бері бізді бұл мәселе бойынша еш­кім ма­залаған жоқ, – дейді Влади­мир Фе­дорченко. – Бірақ жекешелендіру науқаны өткеннен кейін біздің үйімізді трактормен сырып тастауы мүмкін. Сонда біз далада қаламыз ба? Сондықтан, Жамбыл облысы әкімдігі осы мәселеден шығатын жол тауып, бізге көмек қолын соз­са, дұрыс болар еді... Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.