Ғалымдар бұдан 1,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген тышқанның, осы сайыптан келгенде, сондай-ақ, адам балаларының жыныстарын анықтайтын мүмкіндіктің туғанын мәлімдеп отыр. Йель университетінің оқытушылары мұны сол замандардағы сүтқоректілер бойларында сақталып қалған вирустар арқылы анықтауға болатынына көз жеткізіпті.
Зерттеушілер хабарлағандай, адам баласы геномдарының 40 пайызы бұдан миллиондаған жыл бұрын кірген вирустардың қаңқаларынан құралады. Ол Х-хромосомындағы осы вирустардың бірінің енді дүниеге келгелі тұрған баланың жынысын айғақтап беруге де көмектесетінін анықтаған. Осы вирус белсенді болып тұрған кезде ұл балалар мен қыз балалар тең қалыпта туылып тұрған. Ал оны «істен шығара қойса», ұлдардың қатары бірден екі есеге артып кетіп отырған.
Әзірге бұл схеманың қаншалықты нақтылы дәлдік бере алатыны толық анықталып болған жоқ. Дегенмен, адамның Х-хромосомы тәжірибе жасалған тышқандардағы вирустарға толы екен. Бұған қоса, зерттеушілер эмбрионның көмегімен вирусты «істен шығару» тәсілін рак жасушаларының кең етек алуының жолын кесу үшін пайдалануға болатынын болжап отыр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.