• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таулы Қарабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдемесі

363 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Қарабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобының күш-жігерін қолдай отыра, жанжал­ды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстаны­мымызды қайта растаймыз. Қазақстан Республикасы Таулы Қарабақ мәселесінің пә­туалық шешімдерін іздеу үде­рісін жандандыра түсуді жақ­тайды және жанжалды реттеуде ілгері жылжу үшін мүдделі тарап­тардың сындарлы көзқарас таны­татынына сенім артады.