АҚТАУ. 5 сәуір. Ақтауда жантүршігерлік қылмыстық оқиға орын алды. Бұл туралы lada.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға 4 сәуір күні кешке таман Ақтау қаласының 11 шағын ауданында орын алған. Тұрғындардың айтуынша, №31 үйдің ауласынан біреулер пышақтап кеткен ер адамды көрген. Ал сол сәтте көрші №30 үйдің кіреберісінен ес-түссіз жатқан тағы бір ер адам табылған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер 1991 жылы туған жас жігітті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, оқ тиген жігіт оқиға орнында қайтыс болды.
Куәгерлер мылтықтың дауысына ұқсас оқыс дауысты естігенін, терезеден қарағанда қан-жоса болып жатқан жігітті көргендерін айтуда. Қазіргі уақытта полицейлер, криминалистер және прокуратура қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.