• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Фракцияның алғашқы жиналысы

522 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде Төрағаның орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы­ның жетекшісі Гүлмира Исімбаева­ның төрайымдығымен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының алғашқы жиналысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспа­сөз қызметі. Фракция жетекшісі Гүлмира Исімбаева: «Ағымдағы жылдың 24 наурызында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Саяси кеңес бюросының отырысында және фракция жиналысында партия мен депутаттар корпусының негізгі міндеттерін атап өтті. Естеріңізге салып өтейін. Біріншіден, Үкіметпен бірлесе отырып, Бес инсти­тут­тық реформаны іске асыру жө­ніндегі Ұлт Жоспарын заңна­малық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру; екіншіден, партияның сайлауалды бағдарламасын сапалы және уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету; үшіншіден, «Нұрлы Жол» бағ­дар­ла­масын іске асыруға және мемлекет бөл­ген қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң партиялық бақылау жасауды күшейту; төртіншіден; халықтың өзекті мә­се­лелерін анықтауға және шешуге жан-жақты көмек көрсету; бесіншіден, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясымен тығыз өзара іс-қимыл жасау; алтыншыдан, орталықтағы және жергілікті жерлердегі фракциялардың жұмысы халықтың көкейкесті проблемаларын нақты шешуге, кері байланыс­ты нығайтуға бағытталуы қажет», – деген болатын, дей келіп, бұл міндеттерді орындау үшін фракция сапалы заңдар шығару қызметіне баса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Фракция туралы ережеге сәйкес, жи­на­лыста Асқар Базарбаев, Ирина Аро­нова, Нұртай Сабильянов фракция жетек­шісінің орынбасарлары болып сай­ланды. Фракция шешімімен фракцияның жа­нындағы үш  консультативтік-кеңес­ші органдар: Экономикалық саясат жөнін­дегі кеңес; Әлеуметтік кеңес; Өңір­лік сая­сат және мәслихаттармен жұ­мыс жө­н­індегі кеңестер  құрылды. Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті депутат Бейбіт Мамраев, Әлеу­­меттік кеңесті депутат Шауқат Өте­­мі­­сов, Өңірлік саясат және мәсли­хат­­тар­мен жұмыс жөніндегі кеңесті депутат Серік Сейдуманов басқара­тын болды. Сонымен қатар, фракция жиналысы «Нұр Отан» партиясының Мәжі­ліс­тегі фракциясының жанындағы «Нұр­лы Жол» инфрақұрылымды дамы­ту­дың 2015-2019 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасын іске асы­руға Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры­нан бөлінетін қаражаттың және бюд­жеттік қаражаттың мақсатты және  тиім­ді жұмсалуына бақылау жүргізу бойын­ша комиссияның жеке құрамы бе­кі­тілді, сондай-ақ оның келесі ба­ғыт­тар бойынша басшылары сайланды: «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» комиссиясын депутат Ирина Аронова; «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» комиссиясын депутат  Берік Оспанов; «Индустриялық, энерге­тикалық инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау» комиссиясын де­путат Нұртай Сабильянов; «Көлік-ло­гистикалық инфрақұрылымды дамыту» комиссиясын депутат Мұхтар Тінікеев; «Агрөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» комиссиясын депутат Жексенбай Дүйсебаев басқаратын болды. Мә­жі­лістегі фракция мүшелерін «Нұр Отан» партиясының сайлауалды «Қа­зақ­­стан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жа­сам­­паздық» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан іс-ша­ралар жөнінде партия хатшысы Наталья Годунова хабардар етті. Сонымен қатар, отырыста фрак­ция­ның ағымдағы қызметінің мәселелері қа­ралды. Жиналыстың жұмысына Пре­зи­дент пен Үкіметтің Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Парламентіндегі өкілдері қа­тысты.