• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Теміртауда автокөлік жүргізушісі қыз баланы қағып кетті

253 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәуір. Теміртауда Мercedes-Benz көлігі қағып кеткен 10 жасар қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Теміртау қаласындағы Мир даңғылының бойында Мercedes-Benz көлігінің 51 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жерде 10 жасар қыз баланы қағып кетті. Жапа шеккен оқушы ауыр жарақаттармен Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ол жылдамдықты шамадан тыс асырып, оқушы қызды қағып кеткен кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: info-rm.com.