• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Су тасқынынан қаза тапқандар саны 70 адамнан асты

237 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 сәуір. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында су тасқынының салдарынан 70-тен астам адам қаза тапты. Бұл туралы bbc.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Табиғат апатынан көптеген көшелер су астында қалып, жүзден астам ғимараттар қирап қалды. Аймақ басшылығы осыған дейін толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына алып келгенін әрі 36 адамның опат болғаны жөнінде мәлімдеген. Алайда, олардың саны күн өткен сайын артып барды. Сондай-ақ, қазіргі кезде 20-дан астам тұрғынның із-түзсіз жоғалып кеткені анықталды. Айта кетейік, өткен жылы бұл мемлекетте сел жүріп, 80 адамның өмірін жұлып кеткен. Апатты аймақта 300 мыңнан астам тұрғынға шығын келген. Аян Әбдуәли. Дерек: bbc.com. Фото: 24.kz.