• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Тунисте ірі жол апаты болды

184 рет
көрсетілді

АСТАНА. Тунисте ірі жол апатынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тунистің Mosaique FM радиостанциясының хабарлауынша, жергілікті компаниялардың бірі жалдап мінген автобус Габес қаласынан елдің орталығындағы Гафсу қаласына бағыт алған. Ал Эль-Хамма аймағына таяу жерде жүк көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан фирма жұмысшылары опат болды. Сондай-ақ, 30 адам түрлі деңгейде жарақат алып, жақын маңайдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Апатты жағдайға кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз. Алайда, алдын ала болжам бойынша, екі көліктің бірі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дерек: ТАСС. Фото: tvc.ru.