АСТАНА. 6 сәуір. Volkswagen автоконцерні Қытайда тараған ақауы бар 104 мың көлікті кері шақырды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Компания басшылығы 2010 жылдың 12 қаңтары мен 2016 жылдың 19 қаңтары аралығында шыққан Touareg үлгісіндегі көлік иелеріне шақыру жіберді. Олардың айтуынша, аталған автомобильдердің тежегішінде кемшілік пайда болған. AQSIQ хабарламасында бұл олқылық алдағы уақытта жүргізушінің тежегішті толық күйде басқара алмауына алып келетіні көрсетілген. Мұның арты жол апатына алып келуі әбден мүмкін.
Айта кетейік, өткен жылы аталған автоконцерн заңсыз түрде қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатқан. Осыған байланысты Еуропаның және Азияның бірқатар елдері ірі көлемде айыппұл салды. Ал АҚШ-тың Нью-Мексико штаты алғаш болып компанияның бұл ісін сотқа берді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.