• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

361 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Алмасбек Мамытбеков тағайындалды. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алмасбек Мамытбеков 1969 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы – география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры. Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы болып бастап, мемлекеттік қызметке келеді. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары,  облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: otyrar.kz