• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Сирияда лаңкестік әрекеттен 14 адам қаза тапты

295 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 сәуір. Сирияның Алеппо қаласындағы Шейх-Максуд ауданында лаңкестердің әрекетінен 14 бейбіт тұрғын мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Содырлар аталған аймақты зымыранмен атқылаған. Салдарынан үш тұрғын үй қирап қалды. Террорлық шабуылдан тағы 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар тобы қызмет етуде. Лаңкестік әрекетті кімдердің жасағаны әзірге белгісіз. Алайда, куәгерлердің айтуынша, бұл жолғы қанды іске «Джебхат ан-Нусра» ұйымының қатысы болуы мүмкін. Айта кетейік, осы жылдың ақпан айының соңына таман Башар Асад үкіметі мен оппозициялық күштердің арасында бейбіт келісім орнаған. Алайда, бұл келісімнің аталған лаңкестік ұйымға еш қатысы жоқ. Осыған байланысты өткен айда үкімет әскері арнайы операция кезінде жүзге жуық экстремистің көзін жойған. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 24.kz.