• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Қаржы вице-министрі тағайындалды

275 рет
көрсетілді

АСТАНА. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып Татьяна Савельева тағайындалды. Бұл туралы minfin.gov.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Татьяна Савельева 1976 жылы туған. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.  2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығын бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2002 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджет департаменті республикалық бюджетті дайындау басқармасының бюджетті дайындау бөліміне бас маман болып қызметке орналасты. 2002 жылдың қазан айы мен 2008 жылдың қараша айы аралығында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бас сарапшы, бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 маусым айынан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің бюджетті жоспарлау және болжау департаментінің директоры болып істеді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: minfin.gov.kz