• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Киев қаласы вице-мэрінің жылжымайтын мүлкі таңқалдырды

410 рет
көрсетілді

АСТАНА. Киев қаласы басшысының орынбасары Илья Сагайдак әйелінің атына 28 пәтер, 8 үй, 15 гараж бен 6 жер учаскесін тіркеп, біраз халықты таңқалдырды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен бірге оның  әйелінің атына жылжымайтын мүліктерімен бірге Volkswagen Tuareg, Range Rover Autobiography, Porsche Cayenne GTS көліктерін тіркегені белгілі болды. Ал өз атына декларация толтыру кезінде 70,5 шаршы метр төрт бөлмелі пәтері мен 2012 жылы шыққан BMW 750 маркалы автокөлігін ғана тіркеген екен. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: «Интерфакс» агенттігі.