• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №170 

336 рет
көрсетілді

2016 жылғы 31 наурыз, Астана, Үкімет Үйі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №273 қпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1 (қызмет бабында пайдалану үшін)»; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №273 қпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.