• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Испанияда 40 күн бойы қазақ фильмдері көрсетіледі

337 рет
көрсетілді

 Сәуір айының басында Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­ды­ғына орай, Барселона қа­ласында «Қазақстандық кино циклдары» шарасы салтанатты түрде ашылды. 19 нау­рыздан бастап, сәуір айының аяғына дейін жалғасатын, яғни қырық күн бойы көрсетілетін қазақ киносының күндерін ұйымдастыруға Қазақстанның Испаниядағы елшілігі, Ш­әкен Айманов атындағы «Қазақ­фильм» акционерлік қоғамы, «Дом Азии» қоғамдық ұйымы мен «Cinemes Girona» кинотеат­ры ұйытқы болуда. Ал салтанатты шараның ашылуына Қазақ елшілігінен бөлек, Барселонадағы кон­сулдық корпусы мен Испанияда оқып жүрген қазақ студенттері ат салысуда. Әрине, мұндай айтулы мә­дени оқиғаның басты мақ­саты Қазақстанды, оның халқын, дәстүрін, тарихы мен өзге жұртқа үлгі болған татулығын таныту ғана емес, Испания мен Қазақстанның қарым-қаты­насын жандандыра түсу екені аян. Сонымен, Барселона қала­сында басталған салтанат­ты шарада «Дом Азии» қоғам­дық ұйымының мәдениет және көрмелер жөніндегі департаментінің директоры әрі Испаниядағы мәдениет са­ласындағы беделді сарапшысы Менене Грас қазақстандық фильмдердің әлемдік кинематографияда өзіндік орны бар екенін атай келе, оның айғағы ретінде отандық картиналарға берілген халықаралық кинофес­тивальдардың басты жүлделерін атаған. Менене Грас ханымның ойын­ша, «Қазақстандық кино циклдары» қазақстандық кино­ның бірегейлігін ғана емес, бүкіл мемлекеттің ауызбіршілігін насихаттайды. Бұл күндері Барселонада басталып, Мадрид пен Ва­ленсия қалаларында жал­ғасын табатын қазақстандық картиналардың көрсетіліміне  испандықтар көптеп келуде. Олар «Қазақфильм» киностудиясында түсі­ріл­ген режиссер Ер­мек Шынар­баевтың «Дала дауы­сы», Ер­мек Тұрсыновтың «Кен­же» мен «Шал», Ерлан Нұр­мұ­хам­бетовтің «Жаңғақ тал», Рашид Сүлейменовтің «Ора­лу» фильмдері мен Қа­зыбек Әмір­жановтың қысқа метраж­ды «Бақ» картинасы, Ба­қыт Қайырбековтің «Дешті Қып­шақ. Құпия белгілер» де­ректі фильмдерін тамашалау­да. Фильмдердің барлығы қазақ тілінде испан субтитрімен ж­үріп жатыр, деп хабарлайды, Ш.Ай­манов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы» АҚ баспасөз қызметі. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.