• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Мектеп оқушыларының жаңа киім үлгісі

1053 рет
көрсетілді

Астанадағы ата-аналар қауымына таныстырылды Жаңалық елордада өткен отандық өндірушілердің көрмесі кезінде көрсетілді. Оған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келіп, оқушылардың киіміне жоғары бағасын берді. Енді отандық тігін фабрикалары формаларды тігумен айналысады. Қолдағы деректерге қарағанда, бүгінде жеңіл өнеркәсіпте қызмет етіп жатқан қосымша 55 тігін фаб­рикасы тапсырысты орындауға дайын. Мектеп формасының жылдық нарығы – 30 млрд. тең­ге. Демек, осыншама сомаға оқу­шылардың киімін тігуге болады. Мектеп киімін тігу мәселесі орта білім беру ұйымдары үшін оқушылардың міндетті формасы туралы бұйрық шыққаннан бастап қолға алынды. Қазіргі кезде оны тігуге, дизайнын жа­сауға жан-жақтан ұсыныстар келуде. Мәселен, алматылық Мә­ди Бекдаир деген стилист мектеп формасын қазақша нақышта тігуді ұсыныпты. Оның айтуынша, күнделікті тұрмыста ұлттық на­қыштағы киімдерді киюді оқу­шылардан бастау керек. – Менің ойымша, қазақтың ұлттық киімдерін киюді күн­делікті тұрмысқа енгізу қажет. Бұл өте әдемі көрініс болады. Мы­салы, Үндістанға немесе Афри­каға барсақ, сол елдің ұлт­тық киімін киіп жүрген адамдарды жиі кездестіреміз. Алысқа бармай-ақ, көрші Түрікменстанда да жұрт ұлттық киіммен жүреді. Біздің елде ұлттық киімді киюді банк қызметкерлері мен стюардессалардан бастасақ, жалғасын табады деген ойдамын. Мектеп оқушыларының киімдері де ұлттық нақышта жасалса керемет болар еді, – деді ол. Әзірге бұл ұсынысқа жауа­п келген жоқ. Ал Қазақстан Же­ңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова  алдымен оқу­шылардың киімін өзі­міздің отандық фабрикалар тігуі керектігін, содан кейін мек­теп формасын сатып алуға мемлекеттік тапсырыс­ты ен­гізу қажеттігін айтты. Ол балалар киімінің көбіне шетелден әкелінетінін, қазіргі кезде Қытай, Қырғызстан мен Түркияның киімдері отандық нарықты жау­лап алғанын атап өтті. Рүстем ЖҰМАН.