• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Алматыға іңкәр ағылшын журналы

290 рет
көрсетілді

бұл шаһарды Жібек жолы бойындағы ең әдемі қалаға балап отыр Өзінің 1000 жылдық тарихын атап өтуге қызу дайындалып жатқан Алматы шаһарына күні кеше Еуропа аумағынан тағы бір жағымды жаңалық желдей есіп жетті... Ұлыбританияда көп данамен шығатын Wanderlust журналы Алматыны Ұлы Жібек жолы бойындағы ең шырайлы әсем шаһарлардың қатарына кіргізіпті. Осы арада бұл жол тармағының бойында Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстан елдері жатқа­нын қайталай еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Туристік-танымдық шолуларға бейілді басылым тілшілері Ұлы Жібек жолымен 23 күндік саяхаттау барысында Top-8 талабы бойынша қалтқысыз сараптама жасаған. Сол талдаудың қорытындысына сәйкес, олар Қазақстанның ең көрікті мекені ретінде Алматы мен Шарын шатқалын атаған екен. Журнал сарапшылары: «Ұзын­дығы 90 шақырымға созылып жатқан айрықша шатқалға қарай бірден аттанбас бұрын міндетті түрде алдымен Алматы шаһарына ат шалдырып алыңыз. Сұлу қаланың көз тоймас көркіне тамсанбай өту еш мүмкін емес, шатқалға сапарды шаһардан бастау керек», – деп қызықты ой түйіндейді. Бұл күндері Тор-8 сарап­тамашыларының айтқаны айдай келіп тұр. Неше күн, неше түн үздік-создық таусылмай майдалап жауған көктемнің ақ жауыны Алматыны жаңа туған сәбидей шомылдырып, тап-таза етіп алды. Қау етіп шыққан көк майса онсыз да ән қанатында жүрген Алма­тыны, тіпті, құлпыртып жіберді-ай... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.