• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Батыс Қазақстанда жүкті әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап кетті

389 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 6 сәуір. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жүкті әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап кетті. Бұл туралы mgorod.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға кеше сағат 11:00 шамасында қаланың 4-шағын ауданында болған. Атап айтқанда, арнайы көлікке қоқыс қалдықтарын тиеп жатқан кезде, оның жанына тұрмыс қалдықтарын лақтыру үшін аяғы ауыр азаматша келген. Сол сәтте көліктің көтергіш құрылғысы сынып, оған ілінген жәшік әйелдің үстіне құлап кеткен. Салдарынан зардап шегушінің қол-аяғы сынып, ол дереу ауруханаға жеткізілді. Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда азаматша аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әйелдің есін жиғанымен, жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Бүгінде осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Темір Құсайын. Дерек, фото: mgorod.kz.