• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Билет терминалдары ашылуда

417 рет
көрсетілді

Астанадағы темір жол вок­залы ғимаратында пойыз билеттерін сататын арнайы тер­ми­налдардың таныстырылуы бо­лып өтті. Жаңа терминалдар Астанамен қатар еліміздің үш қа­ласында, Алматы, Қара­ған­ды және Ақтөбеде бір уақытта ашыл­ды. Жалпы саны 10-ды құрайтын жаңа техноло­гия­ның 3-еуі елордадағы вокзал ғима­раттарында, ал біреуі «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ ғима­ратында орнатылған. Жаңа технология жолаушы­лардың өз-өзіне қызмет көр­се­те­тін транзакциялық терми­налы деп аталады. Заманауи 10 авто­матты терминал өткен жыл­дың 31 желтоқсанынан бас­тап елі­міздің 4 вокзалында және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында пай­да­лануға беріліпті. Оны қол­данысқа «Жолаушылар тасы­малы» АҚ енгізіп отыр. Терминал жолаушыға өз еркімен билетті таңдауға және сатып алуға, сондай-ақ интернет арқылы тапсырыс берген билеттерді басып шығаруға мүм­кіндік береді. Құрал арқы­лы мемлекет­аралық және республика ішінде қатынайтын бар­лық пойыздарға билет ресімдеуге болады. Жеке тұлғаға өз бетінше электронды техно­логияны пайдалану арқы­лы билеттерді тікелей ресімдеуге мүмкіндік беретін, оларды он­лайн режімінде сатуға арнал­ған құрылғының сыртқы пішіні банкоматқа ұқсас. Опера­циялық жүйемен қамтамасыз етілген бір терминалдың құны шамамен алғанда 50 мың доллар. Ресейден сатып алынған бұл технология болашақта та­ғы тапсырыс­пен алдырылуы мүмкін. Жолаушы терминалдан өзі­не керекті пойыз бағытын тау­ып, оның жүру және келу уа­қытын да таңдай алады. Билет құнын банк карточкасы арқы­лы төлейді. Төл­құжаттағы ақ­параттарын жолау­шы өз қолы­мен енгізген соң билет пен чекті сол сәтте алады. «Жолау­шылар тасымалы» АҚ-тың страте­гиялық даму және жаңа технологияны ендіру бой­ын­ша атқарушы директоры Асыл­хан Қалдыкөзовтің айтуын­ша, терминалдар арқылы сатып алын­ған билеттерге банк тара­пынан комиссиялық төлемдер төлен­бейді екен. Оған қоса, терминал Қазақстандағы барлық банк түрлеріне қызмет көр­сетеді. Болашақта мұндай терминалдар саны тағы 10-ға кө­беймек. Олар облыс орталық­тарындағы вок­зал­дарға орна­тылады. Жаңа технология екі режімде қызмет көрсетеді. Оның бірі – банктік төлем жүргізу ар­қылы билеттерді сатып алу, оларды басып шығару және жолаушыға билеттерді беру операциясы болса, екіншісі интернет арқылы немесе басқа да ӨҚТТ арқылы тапсырыс берілген және төлен­ген билеттерді тапсырыс нөмірі бойынша беру. Венера ТҮГЕЛБАЙ.