• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2016

Ауғанстанда 50-ге жуық содырдың көзі жойылды

169 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 сәуір. Ауғанстанда қақтығыс кезінде 50-ге жуық содырдың көзі жойылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, «Талибан» содырлары Кундуз қаласына басып кірмек болған. Алайда, үкімет әскері тойтарыс берді. Қақтығыс кезінде тағы 53 адамның түрлі деңгейде жарақат алғаны белгілі болды. Айта кетейік, аталған қаланы өткен жылы лаңкестер басып алған. Дегенмен арнайы құрылған жасақ қарсы шабуылдап, өз бақылауына қайтарып алды. Жалпы, осыған дейін бірнеше елді мекендерге шабуылдап, бейбіт тұрғындарға бей-берекет оқ жаудырған «Талибан» мүшелері қастық әрекеттерін мемлекеттің ірі қалаларына да жасауды жоспарлауда. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.