• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Зика безгегін 70 мыңға жуық адам жұқтырды

397 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Колумбияда зика безгегіне 68 мыңнан астам адам шалдыққан. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қауіпті дертті 68 мың 630 адам жұқтырған. Оның 12,3 мыңы жүкті әйелдер», – деп мәлімдеді Колумбияның ұлттық денсаулық сақтау институты Алайда, мамандардың айтуынша, наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында аталған вирус түрінің таралуы азайған. Өткен айдың бас кезінде 61,3 мың адамның зиканы жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ, екі сәби микроцефалияға шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, зика безгегі жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Іштегі шарананың микроцефалияға шалдығып, бас сүйегі мен ми құрылысының өз мөлшерінде жетілмеуіне және есту, көру мүшелерінде ауытқушылықтардың пайда болуына алып келеді. Айта кетейік, мамандар осыдан бірер апта бұрын зиканың жыныстық жолмен де таралатынын мәлімдеген болатын. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: korrespondent.net.