• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Эфиопияда лаңкестердің шабуылынан 208 адам қаза тапты

311 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Эфиопияның батыс аймағында лаңкестердің шабуылынан 208 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Эфиопия мен Судан елдерінің шекаралас аймағындағы Гамбела провинциясында қарулы топ тұрғындарға шабуыл жасады. Байланыс министрі Гетачу Реданың айтуынша, содырлар Оңтүстік Судан аймағынан басып кіріп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Мерт болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Осыған дейін лаңкестік әрекеттен 140 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, байланыс министрі 208 адамның ажал құшып, 75 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғанын айтты. Қаскөйлердің тағы 108 баланы тұтқынға алып, 2 мың бас малды айдап әкеткені белгілі болды. Үкімет әскері қақтығыс кезінде 60 экстремистің көзін жойды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 24.kz.