• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Қытайда 460 мың доллар қаржыны жымқырғандар өлім жазасына кесіледі

300 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Қытайдың жоғарғы халықтық соты мен жоғарғы халықтық прокуратурасы біріккен қаулыны жария етті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құжатқа сәйкес, 460 мың доллар (3 миллион юань) қаржыны заңсыз жолмен немесе осындай көлемде пара алғандығы анықталса, өлім жазасына кесіледі. Ресми мәліметтер бойынша, осы жылдың қаңтарында 5 мың 459 шенеунік осы іс бойынша жазаланған. Комиссия мәліметіне қарағанда, өткен жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін түрлі дәрежедегі 50 мыңға жуық шенеунік жауапкершілікке тартылды. Аян Әбдуәли. Дерек: inform.kz. Фото: tengrinews.kz.