• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Мемлекет басшысы Эквадор президентіне көңіл айтты

274 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эквадор президенті Рафаэль Корреаға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеделхатта Қазақстан Президентінің Эквадорда жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Рафаэль Корреа мен бүкіл Эквадор халқына көңіл айтты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.