• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Елбасы Жапония императорына көңіл айтты

214 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Қазақстан Президенті Жапония императоры Акихитоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеделхатта өткен аптада Кюсю аралындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев жақындарынан айрылған отбасыларға, император Акихитоға және бүкіл жапон халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.