АСТАНА. 18 сәуір. Иерусалимде жолаушылар автобусы жарылып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен 15 адамға көмек көрсетуде. Ал 1 адамның жағдайы тым ауыр», – дейді жедел жәрдем қызметі.
Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алғашында техникалық ақаулардың салдарынан көлік жарылып кеткен деген болжам жасалған. Алайда, автобус ішінен жарылғыш зат табылғаннан кейін террорлық шабуыл жасалды деген қорытындыға келді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».