АСТАНА. 18 сәуір. Эквадорда жойқын жер сілкінісінің салдарынан 350 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған дейін 272 адамның опат болғаны туралы хабарланған. Сондай-ақ, жергілікті билік қаза тапқандардың денелері Манаби провинциясына қарасты Педерналес қаласында қирандылар астынан табылғанын мәлімдеді.
Магнитудасы 7,8 баллды құраған жер сілкінісі 16 сәуір күні Эквадордың солтүстік-батысында тіркелді. Мемлекет президенті Рафаэль Корреа соңғы 67 жыл ішінде мұндай табиғат апатының болмағанын айтты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.