• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Түркияда террорлық шабуылдан 3 адам қаза тапты

245 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Килис қаласында террорлық шабуылдан 3 адам мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала аймағында Сирия жерінен жіберілген 4 реактивті снаряд жарылған. Алдын ала болжам бойынша бұл іске ТГИЛ ұйымының қатысы болуы мүмкін. Мәлімет бойынша, қой бағып жүрген бір адам қаза тауып, 1 бала жарақат алды. Айта кетейік, Килис қаласында өткен аптада үш мәрте зымыран оғы атылған. Салдарынан 20 адам зардап шекті. Сондай-ақ, ауруханада бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал наурыз айының басында содырлар шабуылынан аталған қаланың екі тұрғыны мерт болды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».