2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 492-V ҚРЗ Заңына 1-қосымша
Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға мәлімдемелер Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 63-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мынадай мәлімдемелер жасайды: 1) шешімді тану және орындау туралы мәлімдемеге қатысты Конвенцияның 23 (2) – (11)-бабының ережелеріне қарамастан, Конвенцияның 24-бабында көзделген тану және орындау рәсімі қолданылатын болады; 2) Конвенцияның 30 (7)-бабында көзделген алименттер туралы келісімді тану және орындау туралы мәлімдеме Қазақстан Республикасының орталық органы арқылы ғана берілуі мүмкін. 3) Конвенцияның 44 (1)-бабына сәйкес сұрау салушы мүше мемлекеттердің кез келген мәлімдемелері және ілеспе құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында, егер олар тиісті түрде куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге берілсе, орындалуға қабылданады. 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 492-V ҚРЗ Заңына 2-қосымша Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға мәлімдеме Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның 62 және 44 (3)-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы орталық органдар арасында өзге хабарламаларды жүзеге асырған кезде француз тілін қолданудан бас тартады. Мұндай өзге хабарламалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде не ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
•
19 Сәуір, 2016
Қазақстан Республикасының Заңы № 492-V ҚРЗ
279 рет
көрсетілді