• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Елордада электронды карта енгізіледі

307 рет
көрсетілді

Астанада мамыр айынан бас­тап қалалық қоғамдық көлік­терде электронды төлем жасау жү­йесі (ЭТЖЖ) карталары қол­данысқа енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі қоғамдық кеңе­сінің отырысында жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері мәлімдеді. «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданның айтуынша, жобаны іске қосу мамыр айына жоспарланып отыр. Қазіргі кезде электронды төлем жасау жүйесі (ЭТЖЖ) карталарын қолданысқа енгізу үшін бар­лық жұмыстар жасалуда. Жо­лаушылар көлігі басқармасы ав­тобустарда тегін жүретін азаматтардың базасын әзірледі. Олар қоғамдық көлікте арнайы картаны пайдаланып, тегін жү­реді. Оқушыларға да дербес карталар беріледі. Оқушылар оны жазғы демалыс кезінде 30 тамызға дейін қолдана алады. Карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Сонымен бірге, егер жолау­шының картасы болмаса, ол жол­ақыны жүргізушінің жа­нындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақ­шамен төлейтінін айтты. «Бұл үшін автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады. Мұндай карталар жолаушылар тасымалының сапасын арттырып, осы саланың мөлдірлігін қамтамасыз етеді», – деді ол.

Рүстем ЖҰМАН