Парламент Сенатының бюросы палатаның 21 сәуірде өткізілетін отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша келісті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын және Сенат депутаты Ләззат Тұрлашовтың Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарайды.