• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Көңіл айту жеделхатын жолдады

230 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эквадор Республикасының Президенті Рафаэль Корреаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Президентінің Эквадорда жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Корреа мен бүкіл Эквадор халқына көңіл айтты. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта өткен аптада Кюсю аралындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев жақындарынан айырылған отбасыларға, император Акихитоға және бүкіл жапон халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.