• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Жайқалған жасанды орман

1036 рет
көрсетілді

қарағай мен қайың көшеттерінен құралды Шығыс Қазақстанда орманшылар облыс орталығының маңайына жасанды орман өсіруде. Осы мақсатта өңірдегі арнайы тәлімбақтарға қатаң ауа райына бейімделген екі жарым мың қарағай мен қайың көшеттері отырғызылды. Жуырда осы қолдан егілген көшеттері өске­мен­­діктердің жақсы кө­ре­тін демалыс орын­дары­ның бірі – Таулы Үл­бі аума­ғын­дағы 50 гектар аумақ­қа қоныстандырылды. Жас өскіндердің жайқалып өсуі үшін аталған аумақ до­лы дау­ыл құлатқан және кәрілік жетіп, қураған ағаш­тардан тазартылды. Жа­санды орманның арасында жолаушыларға арналған жолдар мен демалушылар ер­­кін сейілдеуі үшін аллея­лар да ескерілді. Ағаш­тардың діңі қатайып, жасыл желек жамылған кезінде бұл орын­дарға тынығушыларға арналған сәкілер мен шатырлар орнату көзделіп отыр. – Балаларымыз, немере­леріміз, келешек ұрпақ ор­ман­ның рахатын көруі тиіс. Ор­ман – біздің байлығымыз. Ол неғұрлым көп болса, бай­лығымыз да көп болады, – дейді орманшы Мұрат Оразғалиев. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы