– Жылыой ауданындағы Прорва кен орнына таяу жағалаудан 40 итбалықтың өлгені анықталды. Бұл маңда жасанды арна жасау мақсатындағы жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Итбалықтардың өлуіне не себеп болғанын анықтау және сынама алу үшін арнайы топ оқиға орнына жіберілді, – дейді облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалиев.
Жағалауда теңкиіп жатқан итбалықтар өлексесі жиналады. Сынама алынады. Арнайы орында өртеледі. Осы мақсаттағы шаруаны іске асыратын арнайы топ құрамы аталған инспекция, экология департаменті мен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарынан жасақталды. Олар итбалықтардың өлу себебін анықтайтын болды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы