Елімізде жаяу адам жүретін жолдарда ескерту жасайтын ерекше жолақтар пайда болды. Олар Шымкент қаласында жасалған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жаяу адамға ескерту жасайтын мұндай ерекше жолақтарды жергілікті кәсіпкерлер қалаға сый ретінде жасаған. Бір айтатын нәрсе, ол қаланың барлық жерінде емес, тек Тәуке хан көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы жолдарда ғана бар.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, мұндай жолақтар Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында орнатылған. Енді, міне, біздің елімізге де келді. Әзірше ол Шымкентте ғана көрініс беріп отыр. Алдағы кезде Шымқаланың барлық жерінде де жолақтар жасалынады деп күтілуде. Осындай сый жасаған кәсіпкерлердің айтуынша, ол қала тұрғындарының жол ережелерін сақтауларына арналған.
Байбол ТӨЛЕК